«Экологиялық тәрбие-болашақ кепілі»
16 - шы сәуір «Экологиялық тәрбие-болашақ кепілі» атты экологиялық тәрбие сағаты өтті. тәрбие сағт 5 -ші және 6- шы сынып арасында өткізілді.
Тәрбиенеің адам өмірінде алар орны ерекше. «Тәрбие басы – тал бесік» - дегендей, балаға кішкентай кезінде қандай тәрбие берілсе, оның болашағы да сондай болмақ. Әрине, ол үйдегі ата-ананың тәрбиесімен қатар балабақша, мектеп тәрбиесіне байланысты. Тәрбие негізі қаншалықты сапалы болса, келешек кепілі де сондай болмақ. Оның бір бағыты ретінде экологиялық білім саласын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Себебі, экологиялық тәрбие – ол баланың қоршаған ортасы, айналасы, болашағы деген ұғымдармен тығыз байланыысты.